Халықаралық ынтымақтастық – ұлттық экономиканың жаңа мүмкіндіктері

 

Әлемнің жетекші компанияларымен миллиардтаған қаржыға келісімдер жасау – кез келген мемлекет үшін стратегиялық маңызы жоғары жетістік. Мұндай ауқымды уағдаластықтар Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырып қана қоймай, шетелдік инвесторлардың еліміздің әлеуетіне деген сенімін нығайтады. Бүгінгі күні жаһандық нарықтағы қатал бәсеке жағдайында ірі компаниялармен әріптестік орнату – экономиканы жаңғырту, жаңа технологияларды тарту және өндіріс көлемін ұлғайту тұрғысынан ерекше мәнге ие.

Бұл ынтымақтастықтар еліміздің экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жоғары технологиялық салаларды дамытуға мүмкіндік береді. Инвестиция көлемінің артуы инфрақұрылымды жақсартуға, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, шетелдік серіктестермен бірлескен жобалар отандық кәсіпорындардың тәжірибесін байытып, білікті мамандар даярлауға жаңа серпін береді.

Алдағы жылдары осындай өзара тиімді қарым-қатынастар экономикалық өсудің жаңа жолдарын ашып, мемлекетіміздің жаһандық экономикадағы орнын одан әрі нығайтады деп сенемін. Халықаралық деңгейде сенімді серіктес болу – еліміздің тұрақты дамуының кепілі, ал ауқымды келісімдер – осы жолдағы маңызды қадам.

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT