Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиада жүлдегерлерін қабылдады. Бұл іс-шараға жаратылыстану бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен 24 лауреат иегерлері қатысты. 24 үздіктің бұл жеңісі - білімге деген құлшыныс пен еңбекқорлықтың нәтижесі деп санаймын.
- Расында, дарынға ие болу, бұл - бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет, - дейді Мемлекет басшысы.
Шыныменде осындай дарындардың көзін ашуға ұстаздардың да көп еңбек сіңіргенін айта кетуіміз керек. Бағыт-бағдар беріп, жол сілтейтін бір жан болса, ол әрине - ұстаз.
Ұстаз бен шәкірттің бір мақсатқа, бір арманға ұмтылғанының арқасында елімізде білім дәрежесінің деңгейі де көтеріліп, жетістіктердің де мол болатыны сөзсіз.
Осындай дарынды жастарымыз арқылы еліміздің болашағы жарқын боларына сенемін. Биіктерден көрінер дарындыларымыз көп болсын!
Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ