«Халық» қайырымдылық қоры исатайлық 105 отбасыға көмек көрсетті

«Халық» қайырымдылық қоры Исатай ауданының тұрғындарына азық-түлік пен антисептік құралдар, жуғыш заттар толы жәшіктер табыстады.

23 шілде күні Атырау облысы әкімінің қолдауымен тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына азық-түлік пен жуғыш заттар, антисептикалық құралдар толтырылған жәшіктерді тарата келген «Халық» қайырымдылық қорының Атырау қаласынан келген еріктісі Альфинур Маратқызы Исатай ауданы бойынша 105 отбасы көмекпен қамтамасыз етілетінін айтты.

8

- «Біз - «Халық» қайырымдылық қорының Атырау қаласынан келіп тұрған еріктілеріміз. Бір апта бойы біз мыңға жуық отбасыға осы тапсырылған жәшіктерді тараттық. Енді облысқа қарасты аудандарға, округтерге әкеліп жатырмыз. Исатай ауданы бойынша жалпы саны 105 отбасыға көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні бұндағы Х.Ерғалиев ауылынан 6, Тұщықұдық ауылынан 14, Аққыстау ауылынан тұрмысы төмен және көпбалалы 43 отбасы көмекпен қамтамасыз етілді. Бұл екі үлкен жәшіктің ішіне макорон өнімдері, сүт, сұйық май, ұн секілді азық-түлік түрлері және антисептик, маска және жуғыш заттар (сабын, белизна, порошок) салынған» деді ол.

Көрсетілген көмекке дән риза болған аудан тұрғындары да өз ризашылықтырын білдіріп жатты.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521