Халық қалаулысы Абылайға су жаңа компьютер сыйлады

Облыстық мәслихат депутаты Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының І топ мүгедегі Абылай Әзіржановтың өзіне жолдаған өтініш хатын елеусіз қалдырмай, оған жаңа компьютер құрылғысын сыйға тартты.

Бірнеше күн бұрын ғана әлеуметтік желі арқылы облыстық мәслихат депутатына өз өтінішін жолдаған Абылай бүгін көптен күткен сол арманына қол жеткізді. Тұщықұдық ауылына арнайы ат басын бұрған депутат су жаңа құрылғыны Абылайға өз қолымен табыстап, оған жарқын болашақ тіледі.

- Күні кеше ғана Абылай әлеуметтік желі арқылы өзіне компьютер құрылғысын алып беруімді өтініп, хат жолдаған болатын. Өз сөзінде ол компьютер құрылғысы арқылы көп жұмыс істеу қолынан келетінін, оны қажетіне шебер пайдала білетінін де жеткізді. Халық қалаулысы ретінде мен үшін әр тұрғыннан келген өтініштің бәрі маңызды. Мүмкіндігінше мәселенің мәнісін біліп, қол ұшын созуға тырысамын. Бүгін, міне, оған су жаңа компьютер құрылғысын табыстап отырмын. Адам қолынан келетін іспен еңбек етуі керек. Енді Абылай осы құрылғы арқылы пайдалы нәрселерді көңілге тоқып, өз керегіне жаратады деп ойлаймын, - деді өз сөзінде Әлібек Семғалиев.

Көрсетіліп жатқан риясыз құрметке риза болған Абылайдың әкесі Ыбырай Қаражанов та облыстық мәслихат депутатына алғысын жаудырды.

- Баламыздың әлеуметтік желі арқылы жолдаған хатындағы өтініші қолдау тауып, бүгін отбасымызбен қуанып жатырмыз. Ата-анасы ретінде айтар алғысымыз шексіз. Осындай елдің мұң-мұқтажына құлақ түре білетін ел азаматтары көп болғай, - деп алғысын білдірді Ыбырай ағамыз.

Сондай-ақ Әлібек Семғалиев Абылайға жаңа құрылғысы арқылы түрлі электронды оқуларды, әлеуметтік желідегі әр түрлі бизнес түрлерін үйрететін мамандардан кеңес алып, онлайн тренингтер мен шеберлік сыныптарын өтуге көмектесуге де ниетті екендігін жеткізді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521