Халық үшін бұл дұрыс шешім

Күні кеше Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді жұртшылыққа ұсынғаны баршамызға белгілі.
Ата заңға осындай жолмен өзгеріс енгізу Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы, қазіргі Конституция бекітілген кезде өткендіктен, ел тіршілігіндегі елеулі жаңалыққа айналды.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу біз үшін таңсық дүние емес. Ата заң бұған дейін де талай рет өзгерген. Бірақ, бұған дейін ешкім қарапайым халықтың пікірін сұрамаған еді.
Бұл жолы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында Ата заңға енетін өзгерістерді жалпыхалықтың таңдауына беріп, жұртшылықпен ақылдаса отырып, референдум өткізу жөніндегі ұсынысын бірден-бір дұрыс шешім деп қабылдаймын. Бұл пікірімді басқа да ауылдастарым қолдайды деген сенімдемін.
Мырзажан БАЛПАНОВ,
Исатай ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521