Хамит Ерғалиев ауылдық кітапханасында "Наурыз-берекем, наурыз-мерекем! " атты мерекелік шара  өтті

Мәдениет үйі алаңында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Х. Ерғалев ауылдық кітапханасы, Х. Ергалиев музейі және Қамысқала ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп, "Наурыз-берекем, наурыз-мерекем! " атты мерекелік шара  өтті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан сан-саналы тіршілігі, әдет-ғұрыпы мен, ұлттық рухани және материалдық мәдени құндылықтарымызды қастерлеп, бағалай білуге насихаттау шараның басты мақсаты болды.
Алғашқыда Х. Ергалиев музейінде ауыл тұрғындары жиналып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды сақтап, наурыз-көже мен бауырсақтан дәм татты, жылы лебіздерін білдірді.
Шараға музей қорынан 22 жәдігер алынып, насихатталды.
Сонымен қатар, Хамит Ерғалиев ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айгүл Ахатова "Ата-дәстүр асыл қазынаң" атты кітап көрмесін шығарып, келген қонақтарға шолу жасалды.
Мәдениет үйі алаңында "Наурыз-берекем, наурыз-мерекем!" атты шарамызда бишілер тобының "Наурыз "биімен бастау алып, шашу шашылып бауырсақ пен Наурыз көже ауыл тұрғындарына ұсынылды.
Одан әрі округ әкімі Рафихат Әнуарбекқызы ауылтұрғындарына арналған мерекелік құттықтауымен жалғасты. Барша ауыл тұрғындарын еңсесі биік елдіктің бейбітшілік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Жалпы ауыл ішілік мерекелік шарада ауыл-көшелері бірігіп, "Ынтымақ" ауылы, "Береке" ауылы, "Достық" ауылы, "Бірлік" ауылы, "Жасқайрат" ауылы, "Молшылық " ауылдары бірлесіп, киіз үйлер тігіліп, бесікке салу, тұсау кесу, келін түсіру, т.б рәсімдер жасалды.Спорттық ойын түрлері көрсетілді . Ауыл өнерпаздары ән мен күйден бар өнерлерін ортаға салса, мың бұралған бишілер шараның сәнін келтірді. Спорттық шаралар өз кезегінде қызықты,тартымдыөтті.Жеңімпаздарға сый сиапаттар табыс етілді. Халық көріністерді жақсы көңіл-күймен тамашалап, ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521