"Харекет" қоры қамысқалалық Жұмағалиевтер отбасына баспана сыйлады

Қайырымдылық пен мейірімділік қанына сіңген халқымыз қашаннан жоқ-жітікке қарайласуды ұмытпаған. Бүгінгідей күрделі кезеңде де тұрмысы төмен отбасыларға, тағдыр қиындығына тап болған ағайынға қолда барын бөліп беретін жомарт жандар жетерлік.

2018 жылдан бері халықпен бірге жұмыс жасап, «Егер 1000 адам 1000 теңгеден жинаса, бір мұқтаж отбасы үшін кем дегенде бір үй сатып алуға болады» деген ұранмен әрекет етіп келе жатқан «Харекет» қайырымдылық қоры әлеуметтік проблема – Қазақстанда тұрғын үй тапшылығын азайтуға өзіндік үлесін қосумен айналысады. Жуырда аталмыш қор қамысқалалық Жұмағалиевтер отбасын да қуантты. Кішкентай үйде үш бірдей мүгедек бауырын қарап отырған Эльмира Атырау қаласынан жаңа баспанаға ие болды. Қаншама уақыт бойы қиындық көріп, ештеңеге мойымай, бауырлары үшін бәріне шыдаған оның қуанышында шек жоқ.

- Біздің отбасы үшін кешегі күн үлкен қуаныш болды. Көптен армандаған үйге қол жеткіздік. Бұл – құдайдың қалауымен, халықтың қолдауымен жеткен жетістік. Менен бұрын бауырларыма жайлы болады деген сенімдемін. Бауырларым мәз. Баспанамыз берекелі, мерекелі болсын. Әрине, мұндай қуанышқа жеткен де, жетпеген де бар. Баршаңызға бар жақсылықты тілеймін!-дейді баспаналы болған ауылдасымыз Эльмира Жұмағалиева.

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521