Бүгін Қамысқала ауылдық округінде өткен әкім сайлауына дауыс беру аяқталды.
Қамысқала ауылдық округіне Жасқайрат және Ауқайран елді мекендері қарайды. Округ халқының жалпы саны – 3871 адам. Оның ішінде 2338 сайлаушы тіркелген.
Саяси науқанға ауыл тұрғындары белсене қатысып, өз учаскелеріне келіп, дауыс беру құқығын пайдаланды. Әрбір қамысқалалық азамат ауыл әкімін сайлауда өз таңдауын жасады.
Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санау жұмысын бастады.
№128 сайлау учаскесінің төрағасы Парух Қабиевтің айтуынша, аталған учаскеге тіркелген сайлаушылардың 55% дауыс беріп үлгірген.
Сайлау қорытындылары алдағы уақытта ресми түрде жарияланатын болады.
Сағыныш Қайыр


