Жуырда «Жалын» мәдениет үйінде ауданның үкіметтік емес ұйымдарына арналған «Атырау облысының азаматтық секторын дамытуда аудандық ҮЕҰ-дар әлеуетін арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шараға Атырау қаласынан Азаматтық орталықтың бөлім басшысы Мейрамгүл Есниязова, "Атырау-Логос" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бибігүл Шайхиева, «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Сейтқалиев, "Айтыс" қоғамдық қорының жетекшісі Абылай Сүндетұлы қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бөлім басшысы Арманбек Махмутов семинарда кіріспе сөз сөйлеп, өткелі отырған шараның маңыздылығына тоқталды. Шара барысында жастар үкіметтік емес ұйымдарға қатысты ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ