ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Орталық қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге белсенді араласып, азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын арттыруға және өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында жұмыс жасайды. Өңірінде 2023 жылы 793 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Облысымызда тіркелген ҮЕҰ-дар 16 бағыт бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады. 793 ҮЕҰ-ның 654-і Атырау қаласында, ал 139-ы аудандарда тіркелген. Соның ішінде біздің ауданда жалпы 18 Үкіметтік емес ұйым бар. 

Осыған орайаТЫРАУ  облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Исатай ауданында Атырау қаласындағы белсенді қызмет атқарып отырған ҮЕҰ өкілдері ауданымыздағы ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерімен іс-тәжірибе алмасы мақсатында «Атырау облысындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы» атты кешенді шара өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан мен Азаматтық орталық директоры Жаннат Досқалиева және ҮЕҰ өкілдері мен мекеме басшылары және аудан белсенділері мен жастар қатысты.

Кешенді шараның алғы сөзін бастаған Нұрғайша Абежан кездесу қонақтары мен қатысушыларға қош келдіңіз айтып, аталмыш жиынның сәтті өтуіне  тілектестігін білдірді.

Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы ролі мен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды және берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану туралы баяндамашылар баяндама жасады. Атап айтсақ, «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы Жібек Бисенова, «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Биташева, «Мастерская Zlataru» қоғамдық қорының төрайымы Нина Петрова, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы Гүлбарам Ермұханова, «Сенім тірегі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Самал Джумашева, «Жарқын Жанұя» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Динара Құдайбергенова және «Ер жүректілер» қоғамдық қорының мүшесі Гүлден Утебалиева көптеген әлеуметтік мәселелерге байланысты өздерінің бастауымен жүзеген асып жатқан шараларды толыққанды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Иә, ерекше балалар қоғам назарында. Соңғы уақытта елімізде белең алған балалар арасындағы аутизм дерті деңдеп тұр. Ал осындай қоғамдық қорлар ана мен балаға көмек пен қолдау болуда. Балаларды ортадан бөлмей, керісінше қоғамға бейімделуіне жағдай жасау әрадамның борышы. Осы ойды барлық адам терең түсініп, қолдау білдіре білсе, ізгі қоғамның қалыптасқаны болар еді. Осы бағытта «Сенім тірегі» қоғамдық қорының төрайымы, аутизм, ЗПРР,ОНР т.б. балаларға арналған Педагог-психолог, АВа терапия маманы, бейімделген спорт АФК инструкторы- Самал Джумашева, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының төрайымы Гүлбарам Ермұханова, «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қорының төрайымы-Алия Кубаева, ДЦП өзін-өзі қамти алмайтын арбаға танылған балаларға ЛФК инструктор, массажист маманы-Назгүл Рамазанова және «Болашақ К» қоғамдық қорының төрайымы Жібек Бисенова милары зақымдалған ерекше балаларға арналған реабилитиолог маман жеке қабылдаулар өткізді. Балалардың аналарымен тілдесіп, бүлдіршіндерге қойылған диагноздар бойынша көптеген ақпараттар берді. Сондай-ақ «Бізге үкіметтік емес ұйым не үшін қажет? Үкіметтік емес ұйымдардың мақсаттары мен құрылымын түсіну» тақырыбымен  коуч, тренер-фасилитатор, бизнес команданы қалыптастыруды үйрететін жетекші- Асқар Секербаев ҮЕҰ жетекшілеріне арналған семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингте Үкіметтік емес ұйымдардың  негізгі бағыты мен мақсатын қатысушыларға түрлі

ойындар мен әдіс тәсілдер арқылы жеткізді.

Қатысушылар да белсенді атсалысып, өз ойларын ашық ортаға салып, тақырыптың мәні мен мазмұны ашылуына ынтымақтастықпен қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT