«Әкімін халқы таңдаған - оқиға бұрын болмаған»

Аққыстау ауылдық округі әкімінің сайлауына тұрғындар белсенділікпен қатысуда.

Олардың ішінде ауылдың үлкендері де бар. Солардың бірі ауыл ақсақалы Зинетолла Кереев бұл саяси науқаннан жастар тұрмақ, еңкейген кәріге дейін қалыс қалмауы тиіс деген пікірде.

- Шынымды айтсам, өмірде әкімді халықтың өзі сайлайды дегенді көріп тұрғаным осы. Бұл жергілікті басшысын халықтың өзі таңдауына жасалып отырған зор мүмкіндік, яғни демократия деген сөз. Ел Президентінің осы бір оң бастамасына біз шын қуаныштымыз. Өйткені, халықтың өз ортасынан, елдің жағдайын білетін, сауатты, көреген адамды сайлауына жағдай туғызылып отыр. Мен де ертемен өз учаскеме келіп, таңдауымды жасадым, - дейді қария. 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз