Білімді ұрпақ тәрбиелеу-заман талабы. Жас ұрпақтың бойында ізгі қасиеттердің табылуы үшін жан-жақты білім мен тәрбиенің маңызы ерекше. Осы қасиеттерге жол бастайтын, мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы.
Мектеп кітапханасы жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, рухани дүниесін байытуға бағыт беретін орын. Әр бала мектеп қабырғасында жүріп, мектеп кітапханасымен дос болса жарқын болашақтың кепілі болар. Сондықтан мектеп кітапханасының балға берері мол алтын қазына іспетті. Ал мектеп кітапханасының жаңа кітаптармен толығуы қашан да маңызды.
Осыған орай Тәуелсіздік күні қарсаңында Аққыстау орта мектебінің 2001 жылғы түлектері мектепке 50 кітап сыйға тартты. Кітап оқу адамға өзіндік әсер етіп, оның жеке тұлға болып қалыптасуына ерекше әсер ететіндігін,кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескеретін болсақ ,Аққыстау орта мектебінің түлектерін "Kitap al" баспасынан арнайы тапсырыспен 50 кітап алдыртып,өздері білім алған мектепке тарту етуі үлгі аларлықтай өнегелі іс болды. Мектеп түлектерінің осындай игі бастамасы алдағы уақытта жалғасын тапса екен деген игі ниетімізді білдірдік.
2001 жылғы мектеп түлектерінің атынынан бастамаға мұрындық болған ұйымдастырушылар Ақылбек Сағынғалиев, Бегалы Аманбаев, Аслан Құспанов сынды мектеп түлектерінімізге мектеп әкімшілігі атынан шын риясыз ризашылығымызды білдіреміз.
Мейрамгүл АЛДЕНОВА
Ақкыстау орта мектебінің кітапханашысы