Күй күмбірлеген күні Жанарыс пен Әбілхайырға байрақ бұйырды

Елінің азаттығы жолында құрбан болған Халық батыры Исатай Тайманұлының сенімді серігі, дүлділ күйші-композитор, жалынды жыршы, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай Махамбет ауданының орталығында «Жұмыр - Қылыш» аталған облыстық күйшілер сайысы өтті.

 Екі кезең бойынша ұйымдастырылған осынау өнер додасына барлығы сегіз домбырашы қатысты. Ережеге сәйкес, бірінші кезең шарты бойыншы Махамбеттің «Жұмыр-Қылыш», «Қайран, Нарын», Құрманғазының «Кішкентай» күйлерін орындау міндетті болса, екінші кезеңінде Махамбеттің «Жауға шапқан» күйі міндетті және Махамбет күйлері мен Махамбет тақырыбына арналған қазақ композиторларының күйлері бойынша екі күйді жеребе суыру арқылы  орындау тапсырылды.

Барлық сыннан мүдірмей өтіп, шебер орындаушылығымен көрінген атыраулық күйші бас жүлде иеленсе, аудан намысын қорғап, сайысқа түскен жерлесіміз Оспан Жанарыс жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 200 мың теңгелік сертификат иеленді. Ал сайысқа қатысушы екінші үміткеріміз Есентай Әбілхайыр Алғыс иеленіп, 50 мың теңге ынталандыру сыйлығына ие болды.

Махамбет күйлерін насихаттауға үлес қосып, намысты қолдан бермеген жас күйшілерімізге алда да жарқын жеңістер тілейміз.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521