Құрметті Исатай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
«КӨКТЕМ-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 6 ақпанда сағат 11:00-де ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады.
Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады.
Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты Исатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.
Исатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі