"Көктем-2025": Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері дайындық жұмыстарымен танысты

сурет автордан
Ауданымызда көктемгі өр суы тасқынының алдын алу, оларды жою, жағадағы қорғаныс бөгеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жағдайда жұмылдырылатын техникалардың дайындығын тексеру мақсатында 6-7 ақпан «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
 
 
Табиғи апаттың алдын алу бағытындағы дайындық жұмыстарын зерделеу мақсатында ауданымызға арнайы іс-сапармен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Данияр Айтпаев пен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Ділмұхамед Тазабеков келді.
 
 
Алдымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтіп, аудан әкімі Нұрым Мусинның төрағалығымен жүргізілді. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов, округтер әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Жиынның алғы сөзін алған азаматтық қорғау капитаны Ділмұхамед Тазабеков табиғи апаттың айтпай келетінін атап өтіп, сондықтан оған дайындықты күшейтуді алға тартты.
 
– Биыл жылдағыдан бөлек, «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы тек Атырау өңірінде өтеді. Сондықтан оған барлық күш-жігерімізді жұмылдырып, су тасқынына дайындықты қамтамасыз ету, халық пен инфрақұрылымға қауіп-қатерді азайту, техникалық құралдардың дайындығын назарға алуымыз қажет, - деген ол ұсыныстарға құлақ түріп, пікірлерді тыңдады.
 
Осылайша республикадан арнайы іс-сапармен келген азаматтық қорғау капитаны Ділмұхамед Тазабеков пен аудан әкімінің орынбасары Нұрберген Утегенов Аққыстау ауылындағы Гран кен орнын айнала соққан бөгет пен Тұщықұдық ауылындағы бөгеттерді аралап, Қанаш көпірі мен Бақсай каналдары бойындағы дайындық жұмыстарын зерделеді.
 
 
Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT