Құқықтық тәртіп күшейтілді

сурет ғаламтордан

 

Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс аумағында 26–28 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытында кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмауға басымдық беріліп отыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бағытында бірқатар заңсыз әрекеттердің жолы кесілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай алдын алу шаралары құқықтық тәртіпті нығайтып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

Қоғамдық қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Сондықтан құқық қорғау органдары тарапынан ұйымдастырылып отырған профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағыттала бермек.


Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT