Көлік мәдениеті — қоғам қауіпсіздігінің кепілі

 

Әрбір адамның өзінің өміріне және айналасындағы адамдардың амандығына деген жауапкершілік сезімі – қоғамның дамуы мен қауіпсіздігінің басты негіздерінің бірі. Бұл әсіресе жол қозғалысына қатысушылар үшін өте маңызды. Себебі көлік тізгіндеген әр жүргізуші мен жаяу жүргінші өз әрекетінің салдарына жауап беруі тиіс. Жол үстіндегі әрбір ұқыпсыздық, ережені елемеу немесе немқұрайлылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Сондықтан көлік мәдениетін қалыптастыру — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәдениет тек көлік жүргізу шеберлігімен шектелмейді. Ол – жол ережелерін сақтау, өзге адамдарға сыйластықпен қарау, сабырлылық пен ұқыптылық таныту, айналаңдағы жағдайды дұрыс бағалау сынды қасиеттерден тұрады. Мұндай сана мен тәртіп тек жеке адамға емес, тұтас қоғамға пайдалы.

Көлік мәдениетінің қалыптасуы — қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың көрінісі. Егер әрбір адам жолда жүріп келе жатып, тек өз жайын ғана ойламай, өзгелердің де қауіпсіздігін ескерсе, онда жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азаяр еді. Бұл өз кезегінде адам өмірін сақтап, елдегі жалпы қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Сондықтан жол қозғалысындағы қауіпсіздік пен мәдениетті сақтау – тек жүргізушілердің ғана емес, барлық азаматтардың ортақ міндеті. Бұл ортақ жауапкершілік арқылы ғана біз бейбіт, қауіпсіз әрі тәртіпке негізделген қоғам құра аламыз.

 

Рафиғат ТАЖИДЕНОВА,

Қамысқала ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT