Құлсарыда "Достық" ықшамауданы мен 5-учаске аралығындағы автокөлік көпірі жабылды

Жылыой ауданындағы жұмыстарға 60-қа жуық техника жұмылдырылуда 

Жылыой ауданына Жем өзенінен келетін су деңгейінің көтерілуіне байланысты, қала ішінде және ауданға қарасты ауылдық округтердегі әлсіз аумақтарды нығайту жұмыстары жасалып жатыр. 

Бұл жұмыстарға 60 шақты техника, 1000-нан астам әкімдік қызметкерлері, төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылуда. Сондай-ақ аудан бойынша 7000-нан астам қап топырақ толтырылып, жағаға қойылды.

 

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT