«КӨГІЛДІР ОТЫН» ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС

Аудан әкімі Полымбет Хасанов 29 наурыз күні Қызылүй мен Жасқайрат елді мекендерінде болды. Онда аудан басшысы жоғарыда аталған екі елді мекенге газ желілерін тарту құрылыстары қалай жүргізіліп жатқанымен танысты.

Бұл жұмыстар 2021 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Құрылысты қазіргі кезде «Байсина-А» ЖШС атты мердігер мекемесі жүргізуде. Мекеме басшыларының айтуынша, бүгіндері 2021-2022 жылдары бөлінген қаржыға сәйкес атқарылуға тиісті көптеген жұмыстар жасалған.

 Күні бүгінге дейін Қызылүй ауылына тартылуға тиіс 45 шақырым газ желісі құрылысының  26 шақырымы  тартылса, ал Жасқайрат ауылына тиісті 42 шақырымның 39 километріне газ желісі жүргізіліпті. Бұған қоса биылғы жылдың сәуір айында ауыл ішімен жүргізілетін төменгі қысым газ желілері құрылысының жұмыстары да көп ұзамай басталатын болады. Жалпы жоғарыда аталған мердігер мекеме басшыларының сөзіне сенсек, елді мекендердің арасына газ тарту құрылыс жұмыстарын  биылғы жылдың үшінші тоқсанына дейін аяқтау жос-парланып отырған көрінеді.

                                                                       

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521