КӨҢІЛ ҚОЯР ЖАЙТТАР КӨП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін түске дейін «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» аталатын жаңа Жолдауын жария етті. 


Бірден айтуымыз керек, Жолдауда елдің дамуына, мемлекетіміздің болашағына қатысты мәселелердің бәрі жан-жақты зерделенді деуге болады. Жалпы Жолдаумен, яғни ондағы айтылған мәселелермен, алға қойылған міндеттермен танысу үшін тек тыңдап қою аз, оны қайталап оқып, көңілге тоқи түсу шарт. 
Ал менің айтпағым, одан алған алғашқы әсерім. Көппен бөліскім келгені Мемлекет басшысының Жолдауда көтерілген мәселелердің белгілі бір уақытта, яғни үш жылда толық орындалуы қажеттігін баса айтыуы болды дер едім.
Сондай-ақ, Президентіміздің қазір әлемде қалыптасқан ахуалға орай суды тұтыну жағдайына, яғни оны үнемдеуге, үнемдеп үйренуге ерекше тоқталуы бұған қай-қайыссымыздың да баса көңіл қоюымызды, бей-жай қарамауымызды айқындай түсті дей аламын. Біз бұған да бүгіннен бастап көңіл қоюымыз керек дер едім. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде бұған біздің ардагерлеріміз де енжарлық танытпасына сенімдімін.
Жалпы, Жолдауда көп мәселе айтылды, оны зерделей жүру – бәрімізге міндет.

 

Жансих Маштахов

Исатай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT