Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына баратын қазақстандық спортшылар анықталды

Испанияның Валенсия қаласында 23-27 тамыз аралығында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жекелей сындағы 14, ал топтық бәсекедегі 5 жолдамасы сарапқа салынады.

Дүбірлі додада еліміздің атынан жекелей сында Елжана Таниева мен Эрика Жайлауова өнер көрсетеді.

Ал топтық жаттығуда Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова, Баян Қойбағар, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман мен Аяулым Қадыр бақ сынайды.

Ел құрамасында Елжана Таниева – тәжірибелі спортшылардың бірі. 2005 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген ол Азия чемпионатында 2022 жылы жеңімпаз атанса, бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2021 жылғы Жазғы универсиадада күміс және қола жүлде алды.

Сондай-ақ Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегеріатанды.

Әлем чемпионаты 1963 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін медальдар кестесінде Ресей 205 жүлдемен (113 алтын, 57 күміс, 35 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Болгария, Украина құрамалары бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521