Исатай ауданында Конституциялық референдумды қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды түрде жалғасып келеді.
Осы ретте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелері Томан елді мекенінің тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғауды күшейту, жер мен табиғи ресурстардың халық игілігіне қызмет етуі, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді қолдау мәселелері кеңінен қозғалды.



