ҚОҒАМДЫ АЛҒА СҮЙРЕЙТІН КҮШ

ЖҰМЫСШЫ ҚАНДАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСТА ДА ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАТЫН, АЛҒА СҮЙРЕЙТІН КҮШ. ОЛАРСЫЗ ЕШТЕҢЕ БІТПЕЙДІ, ӨМІРДІ КӨЗГЕ ЕЛЕСТЕТУ МҮМКІН ЕМЕС. СЕБЕБІ, БІЗ ИГІЛІГІН КӨРІП ЖҮРГЕН ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ КӨБІ – АУЫР ЖҰМЫСТАРДАН ШАРШАУДЫ БІЛМЕЙТІН СОЛАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ. ЗАУЫТТАРДА СТАНОКТАРДЫҢ ЖАНЫНДА ТҰРЫП, ҚҰРЫЛЫСТА ҒИМАРАТТАРДЫ САЛЫП, ТЕМІРЖОЛДА ТОННАЛАҒАН ЖҮКТЕРДІ ТҮСІРІП, БАСҚА ДА САЛАЛАРДА КӨП АДАМДАР БЕТТЕЙ БЕРМЕЙТІН АУЫР ҚЫЗМЕТТЕРДІ АТҚАРАТЫН ОСЫ ЖҰМЫСШЫЛАР

Кейде олардың жұмыстары көзге көріне де бермейді. Бірақ, атақ үшін емес, өзі жасайтын мекеменің, елдің игілігі үшін атқарады. «Адамды адам еткен – еңбек» деген сөз бар. Қазір әлемдегі ең бай адамдардың, танымал тұлғалардың өмірбаяндарына көз жүгіртсеңіз, көбінің қарапайым жұмысшы боп, еңбек жолын бастағанын көресіз. Атақты спортшы, киноактер Жан Клод Ван Даммның: «Мен қарапайым жүкші болып жұмыс жасадым. Оған арланбаймын», деп айтқаны бар. Аудан көлемінде де жұмысшы мамандықтарын атқарып жүргендер аз емес. Олардың кейбірінің бойы үйреніп кеткені соншалық, басқа жақтан бақыт іздемейді. Мансапқа, байлыққа құмартпайды. Жалақысын уақытында алып отыр, елден озып,көштен қалмай ғұмыр кешуде. Соған шүкіршілік етеді. Шынайы патриоттық олардың да бойынан табылады. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай жүретіндері де бар. Таңмен ерте кетіп, қас қарая үйге келіп жатады.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев олардың еңбегін ескеріп, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Мұны өз басым қарапайым еңбеккерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау деп білемін. 

Қанат Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT