Қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосқан белсенділерге құрмет көрсетілді

Исатай аудандық полиция бөлімінің  басшысы, полиция подполковнигі  Данияр Бимұханов бір топ еріктіні қабылдап, оларға  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің Алғыс хатын табыс етіп, жылы лебізін білдірді.  

Бөлім басшысы өз сөзінде қоғам белсенділердің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ олардың еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұл марапатқа аудандық  қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Маштахов, қоғам белсенділері  Жұмажан Жакин, Құрманғали Мұхтаров, Нагидолла Алишев,  Тұрлан Қарасов және Халиахмет Арыстанов, Күнай Сигуатова,сондай-ақ Қарлығаш Махимова, Гүлзада Дүкенова,Жанар Мусаева лайық деп танылды.

 

 

Бұл іс-шара ел бірлігі мен қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері арасында ұйымдасқан рәсім аясында өткен іс-шарада аға буын өкілдерінің тәртіп сақшыларының еңбегіне қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді.

 

 

Бұл іс-шара қоғамдағы бірлікті күшейтіп, әр адамның өз еліне деген адалдығын, тәртіпке деген құрметін арттыруға үлкен ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT