Қоғамдық келісім мен жаңғыру жолындағы кездесу

 

Исатай ауданында Конституциялық референдумды қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің  ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, олардың қоғам өміріндегі маңызы мен ел болашағына әсері туралы кеңінен түсіндірді.

Жиын барысында ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Коалиция өкілдері әр сауалға нақты жауап беріп, референдумның маңыздылығын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT