«Конферансье - 2023» облыстық жүргізушілер байқауында “Жалын” мәдениет үйі топ жарды

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру жұмысында әр түрлі бағыттағы мәдени шараларды жүргізушілерді іздестіру, оларды көпшілікке танымал ету мақсатында «Конферансье - 2023» облыстық жүргізушілер байқауы өтті.

Байқауға қала, аудандық мәдениет бөлімдері мен оқу орындарынан 7 жұп, 8 дара өнерпаздар қатыстып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде ІІІ орынды “Жалын” мәдениет үйінің қызметкерлері Амангелді Панабердиев пен Жадыра Молдаш иеленді.

– Сайыс өте тартысты өтті. Жалпы бұл байқау үш жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады екен. Алғаш рет қатысуым болған соң қобалжу да жоқ емес, дегенмен әріптесім Амангелді Панабердиев екеуміз аз ғана дайындықпен де жақсы нәтижеге қол жеткіздік деп есептеймін. Байқау қатысушылары да үлкен дайындықпен келген соң, әр кезең қызықты өтті. Мұндай байқаулар біздің шығармашылық қабілетімізді одан әрі шыңдап, кәсіби біліктілігімізді арттыруға таптырмас мүмкіндік деп білемін,-дейді Жадыра Молдаш.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521