КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық тәжірибені ескере отырып, конституциялық реформа жөнінде батыл бастамалар көтерді.

Бұл жаңа жағдайдағы мемлекет пен қоғам дамуының негізгі аспеткілерін анықтау үшін керек. Отандық құқықтық жүйеге оң өзгерістере нгізу үшін нақты қадамдар жасалды. Президент құзыреті азайып, есесіне парламенттің ролі күшейді. Алғаш рет адам құқығы жөніндегі уәкіл институты құрылды. Конституиялық кеңес таратылып, толыққанды Конституциялық сот жұмыс жасайды. Елімізде басталған конституциялық реформа қоғам талабына толықтай жауап береді. Ал оны жүзеге асыру үшін нақты механизмдер ұсынылды. Қазір мыңнан аса адам Конституциялық сотқа арыздары мен өтініштерін ұсынып үлгерді. Осының өзінен азаматтарды ңқұқығын қорғау мүмкіндігі едәуір артқанын байқауға болады. Бұл - біздің құқықтық өмірімідегі үлкен жаңалық деуге болады. Қасым-Жомрат Кемелұлы "ЕСтуші мемлекет" тұғырнамасы аясын іске асыру үшін нақты тетіктер ұсынды. Конституцияға өзгерістер енгізу үшін халықпен де кеңесті. Өз кезегінде халық та ререендумның мні мен маңызын жіті түсініп, ортақ іске бірауыздан жұмылды. Референдумның өзі - маңызды демократиялық институт. Қазақстандықтардың Президент бастамасын ойланабстан қабылдап, қолдау білдіргені де сондықтан. Бүгінде қазақстандық қоғамда әлеуметтік мәселелер жиі көтеріліп жүр.Конституциядағы соңғы өзегерстерде жер ресурстарының иесі халық екені айқын көрсетілген. Ал мемлекет халықтың атынан оны басқару құқығына ғана ие. Сол сияқты заңда жер мен оның астындағы қазба абйлық та халыққа тиесілі екені айтылған норма бар. Бұл ретет, "Ұлттық қор - балаларға!" атты бағдарлама да дерк езінде қолға алынған бастама болды. Өйткені, ұлттық байлықты қазірден болашақ үшін сақтап қалу қажет. Бұдан бөлек, Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау жаңа, ерекше жағдайларда өтті. Мұның бәрі Президент жүргізіп жатқан саяси реформалардың көрінісі, айқын жемісі деп айтуға болады. 2019 жылдан бастап Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында саяси реформалардың 5 сериясы қабылданды. Сайлау, саяси партиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде сайлау жүйесі өзгерді. Сайлаудан кейін Мәжіліске жаңа саяси партиялар келеді, олар заңға енгізілген өзгерістердің арқасында 5 мың қолдаушымен тіркелуге мүмкіндік алды. Әрине, бұл біздің еліміздегі саяси әртүрліліктің қалыптасуына қызмет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, оны жаңашылдық, сайлау ерекшелігі деп атауға болады. Сонымен қатар, дауыс беру бюллетеніне «барлығына қарсы»деген жаңа Жол енгізілді. Біз оның өткен кезектен тыс президенттік сайлауда да қолданылғанын көрдік. Нәтижесінде барлығына қарсы дауыс берген сайлаушылардың үлесі 5 пайызды құрады. Бұл сонымен қатар азаматтардың құқығы. Кез келген сайлаудың әділ өтуі азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, бақылаушылар институты бүгінде қарқын алуда. Яғни, байқаушылардың дауыс беру кезінде де, дауыстарды санау кезінде де қатысуы сайлауды әділ, ашық өткізуге үлкен үлес қосады.  

 

 

Ренат ШАЙХАДЕНОВ,  құқықтану бойынша PhD докторы, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521