Исатай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жаңа басшы тағайындалды. Бұл жауапты қызметке 2025 жылдың 6 қазанынан бастап майор Айдос Мамырханұлы Қаратаев кірісті.
Айдос Мамырханұлы 1984 жылы 4 шілдеде Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, әскери салада мол тәжірибе жинақтаған, өз ісіне тиянақты маман ретінде танылған.
Ауданның қорғаныс істері саласына тың серпін берер деп жаңа басшының алдағы жұмысына табыс тілейміз. Елі мен жерінің амандығы үшін тер төгетін әрбір азаматтың еңбегі – мемлекеттің мызғымас тірегі.
Сағыныш САЙЛАУБАЙҚЫЗЫ


