Қорғаныс саласының қызметкерлері құрметке бөленді

 

Исатай аудандық әкімдіктің мәжіліс залында 12 қыркүйек – Жергілікті әскери басқару органдарының құрылған күніне орай салтанатты қабылдау өтті.

Бұл күн – ел қорғанысын қамтамасыз ету жолында табанды еңбек етіп жүрген сала мамандарының еңбегін айшықтайтын, жас ұрпаққа патриоттық рух сыйлайтын ерекше мереке болып саналады.

Мерекелік қабылдау барысында аудан әкімі Нұрым Мусин марапат иелерін арнайы қабылдап, жылы лебізін білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. 

– Жергілікті әскери басқару органдары – ел қорғанысын қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие құрылым. Сіздер жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеп, әскерге шақыру ісін жүйелі ұйымдастыру арқылы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне үлес қосып отырсыздар.
Бүгінгі марапат – сіздердің адал қызметтеріңізге берілген әділ баға. Әрдайым ел мүддесін биік қойып, абыройлы еңбектеріңізді жалғастыра бересіздер деп сенемін,-деді аудан басшысы.

 

 

Іс-шара барысында өз қызметіне адалдықпен қарап, қорғаныс саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында: Жұмылдыру бөлімінің инспекторлары Лена Төлегенова мен Балжан Стамғалиева, Адами және көлік ресурсын автоматтандырылған есепке алу және мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің басшысы Орынгүл Хисимова, инспекторлары Ақкүміс Бақтиярқызы мен Сәуле Жалелова, Әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімшесінің инспекторы Саним Қарабалина, Іс жүргізу бөлімшесінің басшысы Күләш Шаймарданова мен бөлімше бастығының көмекшісі Айнұр Ғалломова бар.

 

 

 

Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов та қызметкерлерді құттықтап, олардың ел қорғанысын нығайтудағы еңбегін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Елнұр Мұхамади әріптестерінің атынан алғыс айтып, көрсетілген құрметке ризашылығын жеткізді.


Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT