Жолдауда климат өзгерістеріне бейімделу, су тасқыны, топан су, құрғақшылық секілді табиғи апаттарға қарсы іс шаралардың қамтылуы — тұрақты даму үшін аса маңызды.
Бұл халықтың қауіпсіздігін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізілімін қамтамасыз етеді. Алайда климатқа бейімделу стратегияларын аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып әзірлеу қажет.
Мұнда су ресурстарын басқару, су қоймаларын жаңарту, ирригациялық жүйелерді жаңғырту маңызды. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде технологиялық шешімдер — мысалы, су үнемдеуші әдістер мен өнімдер — кеңінен қолданылса игі.
Болашақта климаттық мониторинг жүйелерін дамыту, ғылыми зерттеулер арқылы тұрақты даму жолдарын анықтау ұсынылады.