Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Бұл білім додасына еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас педагогтер мен тәлімгерлер қатысты. ТЕДх форматта өткен бұл олимпиада да жас мұғалімдер екі кезең бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде, күні кеше жаңадан ашылған Мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шырайлым Молдағалиева үздік деп танылса, ал тәлімгерлер бағыты бойынша Исатай орта мектебінің мұғалімі Эльмира Есенгелиева да үздіктер қатарынан көрініп, облыстық кезеңге қос мұғалім жолдама алды.
Сағыныш ҚАЙЫР