Көсегемізді көгертпес кесел

Заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат пен қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайған жемқорлық – көсегімізді көгертпес кеселге айналғаны ащы шындық.

Мемлекет саясатының негізгі басымдылықтарының бірі де оған қарсы күресу болып отырғаны сондықтан.

Иә, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге бағышталып отыр. Бұл – жұртшылық болып жұмылуды қажет ететін іс. Ал ол сол кеселді туындататын жағдайларды әркім де жете білуі, сақтана жүруі қажеттігін көрсетіп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа әкелетін себептер өте көп. Ең негізгі себептердің бірі - мемлекеттік қызметшінің халық атынан өзіне сеніп тапсырылған өкілеттілікке бей-жай қарауы, жеке бастың қамын ойлау, құқық бұзушылыққа немқұрайдылық таныту, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, парақорлықтың кесірін сезінбеуі. Бұл ретте тек мемлекеттік қызметші ғана емес, әрбір адал да арлы азамат осы жағдайларды ойда ұстай жүруі, сол жаман әдеттен жырақ тұруы керек деп есептеймін.

Ел болашағы мен мемлекеттік қызметтің әр саласына нұқсан келтіріп, халықтың билікке деген сенімін жоғалтатын парақорлық, жемқорлық дертімен күресудің жолы – жемқорлыққа жол бермеу, жемқорлық фактілерін көргенде немқұрайдылық танытпау, заңсыздықтар жол алған жағдайды әшкере ету, пара бермеу және пара алмау.

Еліміздің өркениет көшіне ұмтылысына жанашыр, өз ортасын құрметтей білетін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық ел дамуы мен адам санасының жетілуін тежейтін тажал десек, оған тосқауыл болу - баршамыздың басты міндетіміз деп білемін.

Айнұр ҚАЛИМАТОВА,

Нарын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT