Бұған дейін еліміздің әртүрлі өңірлерінде салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық кедергілерге ұрындырмай, қысқа мерзім ішінде толыққанды пайдалануға беру аса маңызды. Бұл, ең алдымен, халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұндай заманауи медициналық нысандардың құрылысын тоқтатпай, жүйелі түрде жалғастыру қажет, өйткені өңірлердегі демографиялық өсім мен медициналық қызметтерге деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді.
Аталған міндеттерді іске асыру барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін кеңінен пайдаланып, жеке инвесторларды тарту ерекше маңызға ие. Бұл тәсіл бюджетке түсетін салмақты азайтып қана қоймай, басқару тиімділігін арттыруға, инновациялық технологиялар мен заманауи басқару тәжірибесін енгізуге жол ашады. Нәтижесінде ауруханалар инфрақұрылымы сапалы дамып, медициналық қызмет көрсету деңгейі жаңа сатыға көтеріледі, ал халыққа көрсетілетін көмектің қолжетімділігі мен сапасы айтарлықтай жақсарады.
Ерболат МАХАШОВ,
Аққыстау ауылдық округінің әкімі


