Күрделі жөңдеуден өткен Исатай орта мектебі қолданысқа берілді

Күз мезгілінің алғашқы күні көңілге жылулық сыйлап, жүзімізге ерекше нұр ұялатты. Себебі, аудан орталығынан шалғай орналасқан Исатай ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышты сәтіне куә болдық. Осыдан бір жыл бұрын күрделі жөңдеуге тұрғызылған мектеп ғимаратының ішкі жұмыстары биыл толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.Міне, жаңа оқу жылын ұстаздар мен оқушылар жаңартылған білім ордасынан қарсы алды. 

Ала жаздай асыр салған балалар ала таңмен таласа оянып, күн нұрына шомылып, балған әрі бақытты күйде, құшағын гүлмен толтырып мектепке қарай асықты. Осылайша, Исатай орта мектебінде «Мектебім –мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

Іс шараға Исатай аудан әкімі Нұрым Мусин, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, Исатай ауыл әкімі Асылан Ғұбаш, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исабай Хидуллин және де ата-аналар қатысты. 

Алғашқы сөз кезегі аталған мектеп директоры Айгүл Адиловаға беріліп, көпшілікті жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушылардың өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктерін айта келіп, алдағы оқу жылында толағай табыстарға жетуге тілектестік білдірді.

 Келесі сөз легін алған аудан әкімі Нұрым Мусин білім күнінің маңыздылығын айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

-Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, оқушылар! Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымыздың айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыздың отбасыларыңыздан береке кетпей, істеріңіз табысқа толы болсын! Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамдарың берекелі, несібелі қадам болып, тәуелсіз елімізді көркейтіп, ел экономикасын алға сүйрер ұлтжанды азаматтар болып өссін деген тілек білдіргім келеді! – деді ол.

Әрі қарай мектепке жол акциясы аясында 11 оқушыға оқу құралдарымен толықтырылған сөмке, екі оқушыға 20 мың теңгелік сертификат табыстаса, Республикалық ғылыми жобаға қатысып, жеңімпаз аатанған 8-сынып оқушысы Кәусар Фархадқызын бірінші дәрежелі диплом және төсбелгімен ұлғыланды.

Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған 38 оқушыны сынып жетекшілерімен бірге ортаға шығып, олар үшін алғашқы қоңырау соғылды. Әрі олар да жүрекжарды тақпақтарын айтып, ән де шырқады.

Жиын барысында білім бөлімі басшысы Гүлайна Құрманғалиева оқытушыларды, ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті жастар қолында екенін айрықша атап өтті. 

Бүгінгі күні Исатай орта мектебі 21 сынып комплектісінде 287 оқушы, 46 педагогпен оқу жылын бастады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT