Бүгін аудан әкімі Нұрым Мусин актив отырысында аудандық құрылыс бөлімінің басшысын таныстырды.
Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусиннің өкімімен 2025 жылғы, 23 қаңтардан бастап Қуанғали Алтынбек Есенбекұлы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Қуанғали Алтынбек Есенбекұлы 1990 жылдың, 24 мамыр күні Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары.
2011 жылы – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2014 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, 2018 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеттерінде білім алған.
Еңбек жолы:
01.10.2010-22.07.2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы "Айбек Сервис"ЖШС-інде Инженер-жергеорналастырушы;
12.09.2011-06.05.2015 жылдары "ЖерҒОО"РМК Атырау филиалы, «Жерге орналастыру және жерді қалпына келтіру» бөлімінде Инженер-жергеорналастырушы
06.05.2015-06.10.2016 жылдары Махамбет аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінде, бөлім басшының орынбасары,
07.10.2016-08.07.2020 жылдары Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де, бөлім басшысы
09.07.2020-31.05.2022 жылдары Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бас маман
02.06.2022-31.12.2022 жылдары Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде, бөлім басшысы
01.01.2023 жылдан қызіргі уақытқа дейін Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде бөлім басшысы қызмет атқарды.
Отбасылы.