Атырау облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қорында жинақталған жәдіргерлерін аудан халқына насихаттау мақсатында И.Тайманов атындағы тарихи өлкентану мұражайында «Мұнайлы өлке,шырайлы өлке-Атырау» атты көрме өтті.
Көрмеде алдымен аудан әкімі Нұрым Мусин сөз сөйлеп,шара шымылдығын ашты.
-Құрметті шара қонақтары бүгінгі «Мұнайлы өлке,шырайлы өлке-Атырау» көшпелі көрмесі үш ауданда жоспарланған екен. Міне бүгін көшпелі көрме ауданымызға келіп жатыр. Бұндай көрмелердің аудан тұрғындарына, оның ішінде жастарға берер тағылымы мол.Өйткені, қазір жастар арасында осындай көрмелерге деген қызығушылық күннен-күнге көбейіп келеді. 3 Көрме үш күнге жоспарланған екен. Осы үш күні бойы көрмені тамашалауға тырысамыз. Келіп жатқан атыраулық қонақтарымызға үлкен рақметімізді айтамыз. Байқауымша, музейімізде ата-бабамыздан қалған тарихи жәдігерлер мол екен. Кейінгі жастарымызға жақсылап тұрып, дәріптеуіміз керек. Шарамызға тек қана үлкендер мен жастарды да қатыстырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Бастама құтты болсын!-деді аудан әкімі.
Көрме одан әрмен Ш.Шәріпов атындағы балалар саз музыка мектебінің ұстазы Есентай Әбілқхайырдың орындауындағы күймен жалғасты. Бұдан кейін Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшының орынбасары Сәкен Бөлекбайұлы мен мемлекет қызмет ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық музей жанынан құрылған «Мирас» өлкетанушылар клубының төрағасы Мәди Өтеғалиев сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салса, аудандық,облыстық ән байқауларының жүлдегері, «Жалын» мәдениет үйінің әншісі Әділбек Жұмашев «Атырау ән сағым» атты әнін шырқап, шараны нұрландырды. Ал аудандық бөлімшесінің экскурсоводы Гүлфара Мұханова «Мұнайлы өлке,шырайлы өлке-Атырау» атты көрмеге келушілерді жәдігерлермен таныстырды.