Исатай ауданы әкімі Нұрым Мусиннің өкімімен 2024 жылғы 1 қарашадан бастап аудандық кәсіпкерлік және ауыл ауыл шаруашылығы бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Бөлім тізгінін Есмұханов Дидар Жалғасбайұлы ұстады.
Есмұханов Дидар Жалғасбайұлы-1986 жылы Исатай ауданы, Жанбай ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 28.10.2008-20.12.2010 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бас маманының міндетін атқарушы және бас маман қызметтерінен бастаған.
22.12.2010-23.11.2011 жылдары аралығында аудан әкімі аппаратының басшысы;
23.11.2011-23.08.2012 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бөлім меңгерушісі;
23.08.2012-19.10.2015 жылдары ұйымдастыру және мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
19.10.2015-04.01.2017 жылдары аралығында аудан әкімі аппаратының басшысы;
04.01.2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жанбай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Отбасылы.
Сондай-ақ, жиын барысында аудан әкімі Нұрым Мусин жаңа лауазымымен Дидар Жалғасбайұлын құттықтап, нәтижелі жұмыстар жасауды, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласын дамытуды, шаруагерлер және кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс жүргізуді тапсырды.
Артылған сенім мен жауапкершіліктің зор екендігін айта отырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Сағыныш ҚАЙЫР