Аққыстау ауылындағы Абай орта мектебіндегі №134 учаскелік референдум комиссиясы сағат 7.00-де ашылып, тұрғындар өз таңдауын жасады. Референдумға қатысып, бірінші болып өз таңдауын жасаған зейнеткер Сұлтанбек Мұхамбетқалиев ақсақал бұл тұрғыда көпке үлгі бола білді. Осы учаскелік референдум комиссиясына барғанымызда "КТК-К АҚ Исатай мұнай айдау станциясының жұмысшы қызметкерлері келіп, дауыс беріп жатыр екен.
Топ басшысы Ерлан Насиханов референдумды бірауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, топтың бәрі бірауыздан дауыс бергенін тілге тиек етті.