Күрежол бойындағы күрсініс

Соңғы үш жыл ішінде Исатай ауданы бойынша жол-көлік оқиғасы күрт өсіп кетті, - деп мәлімдеді күні кеше ғана аудандық әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Наурызбек Құмаровтың жетекшілігімен өткен жиналыста аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, майор Бейбітжан Айжариков.

Оның айтуынша, осы аралықта 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,одан 12 адам қаза тапқан болса, 37 адам дене жарақатын алған. Оқиғалардың барлығы «Атырау-Астрахан» тасжолы бойында болған. 

Жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделей келгенде, біздегі көліктерде ана мен баланы отырғызатын арнайы орынның жоқтығы, заман талабына сай жол белгілерінің қойылмауы, патрульдік бекеттердің аздығы, жүргізушілердің рульге мас күйінде отыруы, жылдамдықты шамадан тыс арттыруы, қарсы бетке шығып кетуі, балалар мен жасөспірімдер арасында  жол қауіпсіздігі ережелерін жете  түсіндірмеуі, жүргізушілердің жауапсыздығы мен жиі ереже бұзушылығы, жолдардың сапасыздығы осындай жол-көлік апаттарына апарып соқтырған.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының орын алуына балалар мен үй жануарлары да себепші болады екен. Мәселен, үш жыл аралығында балалар қатысуымен-4, үй жануарлары қатысуымен-7 жол-көлік оқиғасы болған.

                                                                                           Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT