Квазимемлекеттік сектор кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік кедергі жасады

Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментіне кәсіпкерлік субъектісінен ЖШС басшылығының мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік кедергілер жасауына қатысты өтініші келіп түсті.      

      Мемлекеттік сатып алудың қорытынды хаттамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектісі тапсырыс беруші ЖШС болып табылатын кабельдік арнаны жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған.                Алайда, ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне келісім жобасын жібермеген. Бұл өз кезегінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларына қайшы келеді.             Департаментпен өтінішті қарау барысында ЖШС келісім жобасын жасау бойынша шаралар қабылдауға қатысты ұсыныстар берілді және аталған мәселені оң шешу мақсатында ЖШС басшылығымен кездесу ұйымдастырылды.             Нәтижесінде, ЖШС веб-портал арқылы келісім-шарт жобасын жіберіп, тараптар келісім-шартқа отырды. Осылайша, Департаменттің араласуынан кейін ЖШС оң шешім қабылдады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарламасы негізінде дайындалды7

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521