Қыс мезгілінде өзен-көлдер бетіне мұз қатқанымен, оның қалыңдығы әрқашан біркелкі бола бермейді. Әсіресе Жайық өзені аймағында су деңгейінің ауытқуына байланысты мұздың беріктігі жиі өзгеріп тұрады. Осыған байланысты Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды су айдындары маңында ерекше сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Қауіпсіз мұздың белгілері
Қалыңдығы 10–12 см кем емес мұз жаяу жүргінші үшін қауіпсіз деп саналады.
Түсі көгілдір немесе ашық мөлдір мұз берік болады.
Сұр, ақшыл, жырым-жырым немесе суланған мұз қауіпті, үстіне шығуға болмайды.
Мұз үстіне шығуға болмайтын жағдайлар
Ауа райы жылып, температура нөлден жоғары көтерілгенде;
өзен мен каналдардың ағысы жылдам аймақтарында;
Мұзда жарықтар, ойықтар, су көрініп тұрған жерлерде;
Түнгі уақытта немесе нашар көрінетін кезде.
Балалар қауіпсіздігі
Балалардың өздігінен мұзға баруына қатаң тыйым салынады. Ата-аналар оларды қараусыз қалдырмауы керек. Қысқы демалыс кезінде су айдындары маңына бармау туралы жиі ескерту жасап отырған жөн.
Құтқарушылар кеңесі: мұз жарылған жағдайда
Егер мұз ойылып кетсе:
1. Қорықпай, су ішінде қолды мұздың жиегіне тіреп, денені көлденең ұстап шығуға тырысыңыз.
2. Мұзға шыққан соң еңбектеп, келген ізбен жылжыңыз.
3. Жылы жерге барып, киімді шешіп, құрғатыңыз.
4. Жедел түрде 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.
Куәгер болған жағдайда:
Өз өміріңізді қатерге тігіп тікелей жақындамаңыз;
Ағаш, арқан, белдік сияқты ұзын заттарды қолдану арқылы көмек көрсетіңіз;
Құлаған адамды шығарған соң, жылы жерге жеткізіп, жедел жәрдем шақырыңыз.
Балықшыларға арналған ескертулер
Мұзға топталып отырмаңыз;
Қалыңдығы күмәнді жерлерде ойық қормаңыз;
Қосымша арқан, шеге, құтқару жилеті болғаны жөн;
Әрдайым өз орныңызды жақындарыңызға хабарлап отырыңыз.
Исатай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық тұрғындарды қысқы кезеңде сақтық шараларын орындауға шақырады. Судағы қауіпсіздік – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін қорғаудың басты кепілі.


