Қызыл үйдегі дауыс беру - қарқынды

Ауылға таяу күндері көптен күткен "көгілдір отын" да жететін болғанына қуанып жүрген Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызыл үй ауылы тұрғындары бүгінгі аудан әкімі сайлауында ерекше белсенділік танытты деуге болады.

Біз телефон арқылы байланысқан осындағы №132 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Абай Имашев сағат 16.30-ға дейін учаскеге тіркелген 361 сайлаушының 75 пайызы өз таңдауларын жасап үлгергенін жеткізді.

-Халық өз әкімдерін өздері таңдайтын болғасын ба, бұл жолы бұрынғыларынан гөрі белсенділік танытуда. Бұл өздері таңдау білдірген үміткердің ертеңгі күні ауыл, аудан халқы үшін қапысыз қызмет қыларына сенгендіктің көрінісі деуге де болғандай,-деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.
Айтуынша, аудан орталығынан - 35, ауылдық округ орталығынан 40 шақырым қашықта жатқан осынау елді мекен сайлаушылары арасында осы жолы  отбасылары болып келіп өз таңдауын жасаушылар аз болмаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521