Қызылқоға ауданында тасқын судың алдын алуға 3000-нан астам адам мен 83 техника жұмылдырылған

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан бойынша ауыл іргесіне бөгет көтеру, қапшыққа құм толтыру, жағаларды биіктету жұмыстарына 1000-ға жуық мекеме қызметкерлері, 73 полиция, 145 төтенше жағдайлар департаментінің және ауыл тұрғындарынан 2000 астам еріктілер жұмылдырылды.

Аудан бойынша 55 000 қапшыққа толы құм бөгеттің қауіп тудырған тұстарына салынып, Ауданда жалпы ұзындығы 45,7 км бөгет бар. Тасқын судың қауіптілігіне байланысты 28 км 350 метр бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға еріктілерден бөлек аудан жалпы 83 техника бар. Оның ішінде Ойыл бойындағы округтерде 51 техника бар.

Осы уақытқа дейін тасқын судың алдын алу бағытында округ тұрғындарының қол күшімен бөгет соғу, құм толтыру жұмыстары жүргізілсе, кешеден бастап облыс орталығынан арнайы техникалар мен еріктілер көмекке келуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521