Қызылқоғада нақты қандай ауылдарда бөгет соғылғаны белгілі болды

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аталған ауданда жалпы ұзындығы 45,7 км бөгет бар

Оның ішінде, 2023 жылы көктемгі су тасқыны кезінде жаңадан 16 км бөгет соғылған.

 

"Қарабау ауылында 6 км, Тайсойған ауылында 3 км, Ойыл ауылында 2,5 км, Көздіғарада 1,5 км, Сағыз ауылында жалпы ұзындығы 3 км бөгет бар.

 

6,5 км бөгетке қосымша биіктету жұмыстары жүргізілді. Жангелдинде 2 км, Аққорада 1 км, Тайсойғанда 3,5 км.

2023 жылы тасқын су салдарынан бүлініп, қайтадан 3 бөгет, 1 өткел қалпына келтірілді.

 

Сағыз ауылдық округінен 3 км бөгет соғылды.

2024 жылы Миялы ауылының 2,7 км бөгеттері қосымша көтерілді.

Одан бөлек тасқын судың қауіптілігіне байланысты аудан бойынша 28 км 350 метр бөгеттердің қауіп тудырған тұстары нығайтылды" делінген ақпаратта

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521