Исатай ауданының ғана емес, елдің атын шығарып жүрген Еркебұлан Қуанғалиев бүгінгі тарихи сәтке куә болып, жас сайлаушылардың қатарынан табылды. Ол Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты №130 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Жас сайлаушы дауыс берудің жауапкершілігін жоғары деп санайды. Сол себепті халықпен бірге белсенділігін танытып, азаматтық міндетін орындады.
– Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Сол себепті халық қалаулыларын таңдау үшін әрбіріміз жауапкершілік танытуымыз қажет, – деп спортшы өз ойын білдірді.
Айта кетейік, жас спортшы Исатай ауданы «БАРЫС» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының спорт нұсқаушысы, ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
САҒЫНЫШ ҚАЙЫР