Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың үлескерлік құрылыстағы заңсыздықтарды жоюға қатысты берген тапсырмасының орындалуы – мені ерекше қызықтырған мәселе. Осыған байланысты 2024 жылдың аяғында Мәжіліс депутаттары үлескерлік құрылысты реттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының қазіргі редакциясында үлескерлердің құқығын қорғау үшін бірқатар маңызды шектеу тетіктері қарастырылған. Атап айтқанда, алдын ала шарт жасауға, инвестиция мен брондауға, алдын ала келісімшарттар жасасуға тыйым салу нақтыланған.
Сондай-ақ салынып жатқан үйді әкімдіктің рұқсатынсыз немесе Бірыңғай оператордың кепілдігі болмаған жағдайда жарнамалауға, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерден ипотека рәсімдеуге тыйым салынды.
Үкіметтің тұрғын үй саласындағы мәселелермен айналысушы бірыңғай оператор "Отбасы"банкін тағайындауы да халықтың қолдауына ие шешім болды. Бірыңғай оператор бұл сектордағы жұмыстың ашықтығын, цифрлық жүйеге өтуін, пайыздық мөлшерлеменің төмендігін қамтамасыз етеді деп ойлаймыз.
Бибігүл Төлеуова
Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі