Әлеумет әл-ауқаты – талқы өзегінде

 

Қоғам мен билік арасындағы дәнекер – сенім. Сол сенімді бекітіп, халықтың үнін билікке жеткізетін, ел мүддесін айқын көрсететін алаң – қоғамдық кеңес. Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бүгінде нақты іспен айқындалып, қоғамның барлық саласында қолдау тауып келеді. Осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық кеңестердің рөлі күн санап артып, олар ел мен ел билігінің арасын жалғаған берік көпірге айналып отыр.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейді дана қазақ. Расында ортақ ой мен көптің пікірі ескерілген жерде әділ шешім мен нәтиже де болмақ. Атқарушы билік пен қоғамның ынтымағы осылайша тонның ішкі бауындай беки түсіп, ашықтық пен жариялылық қағидаттары нығая түсті.

Осы орайда Исатай аудандық қоғамдық кеңестің кезекті жетінші отырысы өтті. Онда аудан өміріне тікелей қатысы бар, тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын, тіл саясатын, жұмыспен қамту мен инфрақұрылым мәселелерін қамтитын маңызды тақырыптар талқыланды.

 

 

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, әр сала өкілдері өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Алғашқы болып сөз алған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мен идеологиялық бағыттағы жұмыстардың барысын баяндады. Одан кейін аудандық Мансап орталығы филиалының басшысы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мен кәсіптік бағдар беру ісіндегі көрсеткіштерге тоқталды. Сонымен қатар, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Исатай газ шаруашылығы басшысы және «Атырау-Жарық» АҚ аудандық бөлімшесінің өкілдері өз салаларындағы өзекті мәселелер мен жаңашыл бастамалар туралы мәлімет берді.

 

Жалғасы газеттің №41 (4254) санында

 

Жайна ИСЛАТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT