Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде Жанбай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Потенциал Ойл» ЖШС мекемесі арқылы Х.Наубетов атындағы орта мектепте оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы 20 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 20 мың теңгеден барлығы 400 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Мектептің мәжіліс залында өткен қайырымдылық шарасында ауылдық округ әкімі Д.Есмұханов балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, аталған мекеме ұсынған көмек қаржысын табыстады.

-«Потенциал Ойл» ЖШС мекемесі ауылымыздағы қай шара болмасын, қолынан келгенше көмегін тигізіп келеді. Балаларымыздың толық білім алуына жағдай жасау мақсатында өтіп тұратын бұл акцияға ауылдың кәсіпкер азаматтары жылда өз үлестерін қосып отыратын. Осы жолы қайрымдылық шарасына аталған мекеменің атсалысуын өтінгенбіз. Ұсынысымызды қабыл алған мекеме басшылары 400 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіп отыр, - дейді ауыл әкімі Д.Есмұханов.

Сондай-ақ ауыл әкімі алдағы уақытта бұл шараға ауылдың ауқатты азаматтары да белсенді түрде қатысады деген үмітте.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT