Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының бірлескен басқосуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты дәстүрлі кезекті Жолдауын жариялады.
Онда бүгінгі күннің ең өзекті деген мәселелері алға тартылды. Президент әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету өте маңызды міндет. Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр, деді. Мемлекет басшысының сөзінше, қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. Жеті миллион баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды, деді. Бір сөзбен айтқанда, Президенттің айтуынша, мемлекет тарапынан әлеуметтік жағдайы қиын азаматтарға көмек қолын ұсыну – бүгінгі күннің алғы кезектегі мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл бағытта мемлекет қыруар жұмысты қолға алуда. Тек бұдан былай кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс.
Мырзажан БАЛПАНОВ,
Жанбай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы