Әли Бектаев Сенаттың аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әли Әбдікәрімұлы 1962 жылы 20 сәуірде Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы.

Білімі, мамандығы: 1984 жылы Қазақ ауылшаруашылық институты, инженер-механик. 1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП), саясаттанушы.

Ғылыми дәрежесі, лауазымы:

Экономика ғылымдарының кандидаты (2000 жыл).

Еңбек жолы:

1984-1985 жылдары – Ленгер ауданы, Сейфуллин атындағы колхоздың бас инженері;

1985-1987 жылдары – Қазақстан ЛКЖО, Сайрам аудандық комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары;

1987-1989 жылдары – Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;

1989-1990 жылдары – Сайрам ауданы, Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы;

1990-1991 жылдары – Ташкент, Алматы жоғарғы партия мектебінің және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының тыңдаушысы;

1991 жылы – Шымкент облыстық партия комитетінің кеңесшісі;

1991-1992 жылдары – «Қазығұрт ЛТД» ӨКФ бас директорының орынбасары;

1992-1994 жылдары – Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994-1999 жылдары – ОҚО Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы;

1999 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы;

1999-2000 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы;

2000-2002 жылдары – Қазығұрт ауданының әкімі;

2002-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2006-2008 жылдары – Түркістан қаласының әкімі;2008-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды; 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі; 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасы мақұлданды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасының орынбасары болып Жақып Қажманұлы Асанов сайланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521